Ашутасты ауылында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандырылуы және халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерді көтеріп, тиісті сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу, абаттандыру, коммуналдық мәселелер және басқа да әлеуметтік мәселелер сөз болды.
Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілетінін атап өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету және көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажеттілігі айтылды.
Айта кетейік, Ашутасты ауылдық округінің құрамына Ашутасты және Аққошқар ауылдары кіреді.
Кездесу тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауылдың одан әрі дамуына қатысты бірқатар маңызды ұсыныстар ортаға салынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-arkalyk-ashutasty/press/news/details/1283531?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау