Атырауда инклюзивті спорт кешенін салу мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен Атырауда инклюзивті спорт кешенін салу мәселесіне арналған жиын өтті. Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ-ға қарасты «Нысандар құрылысын салу компаниясы» корпоративтік қорының бас директоры Сапар Нұрашев, «Deluxe Design» ЖШС директоры Алтынай Күншығарова, дербес бөлім басшылары және коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты.

Шаһар басшысы аталған әлеуметтік жобаның қала үшін маңыздылығын атап өтті.
– Биыл Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауы негізінде мұнайлы астанамызда инклюзивті спорт кешенін салу туралы шешім қабылданды. Мұндай кешенді еліміздің үш қаласында салу жоспарланып отыр. Инклюзивті спорт кешені ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен айналысуына, денсаулығын нығайтуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Жаңа нысан Атырау қаласының орталық жерлерінің бірі Гагарин көшесіне салынады. Сондықтан кешеннің сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуы аса маңызды, – деді қала әкімі.

Жиында жобаның қазіргі жай-күйі, жер учаскесін рәсімдеу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасақтау және қажетті техникалық шарттарды алу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, нысанды сумен, электр энергиясымен және байланыс желісімен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Қала әкімі жауапты бөлімдер мен коммуналдық мекемелерге жобаны іске асыруға қатысты барлық мәселелерді шешу үшін жұмыстарды зор жауапкершілікпен және белгіленген мерзімде пысықтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1283772?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version