1 қыркүйек – Білім күніне орай Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияға барып, оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Аудан әкімі барша оқушыларға білімге деген құштарлық пен жарқын жетістіктер, ал ұстаздарға қажырлы еңбектеріне табыс пен толайым жетістік тіледі.
Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік пен жаңа белестер әкелсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1283721?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау