Осындай салтанатты жиындардың бірі Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ақжолтай тілегін білдірді.
Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшысы Зәуре Абдирасилова да сөз сөйлеп, білім алушыларға сәттілік, ал ұстаздар қауымына еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Жаңа оқу жылында Меркі ауданы бойынша 16 235 оқушы мектепте білім алатын болса, оның 1 450-і − 1-сынып оқушылары. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ауданның білім сапасы 71,3 пайызды құрап, 49 түлек «Алтын белгі», 92 түлек «Үздік аттестат» иегері атанған болатын.
Жаңа оқу жылында аудан оқушылары қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
Мерекелік шара барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ерекше құрмет көрсетілді. Оқушылардың қатысуымен ән мен би орындалып, мектеп өміріне арналған сахналық көріністер ұсынылды.
Салтанатты сәттің шарықтау шегі – дәстүрлі алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Осылайша жаңа оқу жылына жол ашылып, мектеп ұжымы мен оқушылары білім бәйгесіне жаңа серпінмен қадам басты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1283910?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау