«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА ИЕСІЗ ЖӘНЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛЫП ТАСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқоңыр ауданында Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында иесіз қалған және ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған автокөлік құралдарын анықтау және эвакуациялау бойынша жоспарлы іс-шараларды жүзеге асырылуда.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты негізгі назар білім беру ұйымдарына іргелес орналасқан аумақтарға аударылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің маңындағы қараусыз қалған барлық автокөліктер арнайы тұрақтарға шығарылды.

Мұндай көлік құралдары тұрғындар мен жаяу жүргіншілердің еркін жүріп-тұруына бөгет жасап, арнайы және коммуналдық техникалардың өтуін қиындатады, сондай-ақ сәулеттік-эстетикалық келбетке кері әсерін тигізеді.

Бұл бағыттағы тексеріс пен тазалау жұмыстары ауданның барлық тұрғын аумақтарында кезең-кезеңімен жалғасады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1283812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version