Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Бүгін Курчатов қаласында ерекше күн — қаланың барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталды. Мектептердің есігі оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар үшін қайта айқара ашылып, жаңа білімге, тың жаңалықтар мен жетістіктерге жол ашты.
Қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтті. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, білім әлеміне қадам басқан бірінші сынып оқушылары үшін ерекше толқынысқа толы болды.
Бірінші қыркүйек — қызықты кездесулерге, маңызды жаңалықтар мен жаңа мүмкіндіктерге толы жаңа кезеңнің бастауы. Мектепте балалар тек білім алып қана қоймай, достасуды, ойлауды, шешім қабылдауды, өз қабілеттерін шыңдауды және Отанын сүюді үйренеді.
Жаңа оқу жылы барша оқушыларға жаңа білім, жарқын әсерлер, қызықты жаңалықтар мен толағай жетістіктер әкелсін. Ұстаздарға кәсіби табыс, ал ата-аналарға балаларының жетістіктеріне қуанып, мақтануды тілейміз!
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті басталсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1283879?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version