«Богатырь Көмір» разрезінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Богатырь Көмір» разрезінің аумағында өнеркәсіптік нысанда өрт болған жағдайда күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтауға, сондай-ақ жеке құрамның өртті жою және оның таралуына жол бермеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері мен кәсіпорын қызметкерлері бірлесіп қатысты.

          Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, жөндеу-механикалық бокста жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде карьерлік «БЕЛАЗ» автосамосвалынан өрт шыққан. Өрттің ғимараттың құрылымдық элементтеріне және бокста тұрған басқа техникаға таралу қаупін ескере отырып, жанып жатқан көлікті қауіпсіз жерге шығару туралы шешім қабылданды.

          Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері екінші карьерлік «БЕЛАЗ» автосамосвалының көмегімен жанып жатқан техниканы жөндеу боксының сыртына сүйреп шығаруға әрекет жасаған. Алайда тасымалдау кезінде жоғары температураның әсерінен бірінші самосвалдың пневматикалық шинасы қызып, кейін тұтанып, жарылған. Нәтижесінде екі карьерлік самосвалдан тұратын тіркемелі көлік отын құю машинасына жақын орналасқан технологиялық жолда мәжбүрлі түрде тоқтаған. Отын құю машинасының сыйымдылығы 12 тонна дизель отынын құрайды.

Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері келгеннен кейін оқиға орнында барлау жүргізіліп, жағдай бағаланды және шартты өртті оқшаулау бойынша алғашқы шаралар ұйымдастырылды. Құтқарушылардың негізгі міндеті — оттың отын құю машинасына таралуына жол бермеу, оның тұтануы мен ықтимал жарылу қаупін болдырмау, сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

          Оқу-жаттығу барысында жеке құрам ірі габаритті карьерлік техника жанған кездегі іс-қимыл алгоритмін, өнеркәсіптік нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылды, техниканы эвакуациялауды, өрт сөндіру техникасын орналастыруды және өрт сөндіргіш заттарды беруді пысықтады. Шартты өртті сөндіру кезінде көбік түзгіш қолданылды. Сонымен қатар жоғары қауіп жағдайында және жоғары температура әсері кезінде жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін «Қалқан» өрт сөндіру роботы жұмылдырылды. Жеке құрам жоғары температура әсері жағдайында жұмыс істеуге арналған арнайы жылудан қорғайтын киіммен қамтамасыз етілді.

          Оқу-жаттығу аясында шартты зардап шеккендерді эвакуациялау да пысықталды. Жаттығуға қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерді келген құтқару бөлімшелеріне тапсыру тәртібін орындады.

          Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар департаментінен 6 бірлік техника мен 20 адамнан тұратын жеке құрам, ал кәсіпорын тарапынан 4 бірлік техника және 15 қызметкер жұмылдырылды.

 

Мұндай практикалық жаттығулар көмір өндіру өнеркәсібі нысандары үшін ерекше маңызды. Себебі мұнда ірі габаритті техника, жанар-жағармай материалдары және өндірістік жабдықтардың көп мөлшері шоғырланған. Кәсіпорын қызметкерлері мен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің уақтылы әрі үйлесімді әрекеті ауқымды өрттің, материалдық шығынның және адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1283784?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version