Дамбы ауылында жаңа мектеп ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін білім күні қарсаңында Дамбы ауылында №54 орта мектеп салтанатты түрде ашылды. Жаңа білім ордасының ашылуына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналар мен ауыл тұрғындарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Жаңа оқу жылы – жаңа мақсат пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер үшін бүгінгі күннің орны ерекше. Бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты 71 мектепте 76 791 оқушы білім алады. Оның ішінде биыл 6 379 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қымбатты бүлдіршіндер, мектепке қадамдарың сәтті болсын! Зейіндерің ашылсын!» – деді Ердос Ғаниұлы.

Мерекелік жиында ардагер ұстаздар мен ата-аналар да ақжолтай тілектерін айтты. Алғашқы қоңырау соғылып, мектептің символикалық кілті табысталды. Сондай-ақ жаңа ғимараттың лентасы қиылды.

Салтанатты рәсімнен кейін Ердос Ғаниұлы мектепті аралап, оқу кабинеттерінің, акт залының, лингофон кабинеттерінің, дене шынықтыру алаңы мен асхананың жағдайымен танысты. Жаңа мектеп оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін заманауи білім ордасына айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1283793?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version