Ескелді ауданында «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 қыркүйек күні Ескелді ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылуы өтті.

Білім күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға Ескелді ауданының әкімі және Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов қатысты. Олар оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Жас сақшы» сыныбы өскелең ұрпаққа патриоттық және құқықтық тәрбие беруге бағытталған. Мұнда оқушылар құқықтық сауаттылықтың негіздерімен танысып, тәртіп пен жауапкершілікті үйренеді, өз құқықтары мен міндеттерін меңгеріп, көшбасшылық қасиеттері мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады.

Оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, «Заң және тәртіп» қағидатының маңызын түсіндіруге ерекше назар аударылады. Балаларға белгіленген ережелерді сақтау, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау және айналасындағыларды құрметтеу қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің негізі екені түсіндіріледі.

Полиция қызметкерлері жас сақшылар үшін қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағыну тақырыптарында профилактикалық әрі танымдық сабақтар өткізетін болады.

«Жас сақшы» сыныбының ашылуы полиция мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған тағы бір маңызды қадам. Басты мақсат — заңды құрметтейтін, Отанын сүйетін, білімді, тәртіпті әрі жауапты жас ұрпақ тәрбиелеу.

Бәлкім, бүгін осы сыныпта білім алып отырған оқушылардың бірі үшін «Жас сақшы» болашақ мамандығына және елге қызмет ету жолындағы алғашқы қадам болар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1283712?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version