Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 42-сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының өкілдері, сондай-ақ аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Сессияның бекітілген күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды:
- «Марқакөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселе бойынша Марқакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Байбекова Балғын Мәженқызы баяндама жасады.
Мәселені қарау барысында депутаттарға ауданның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне ұсынылып отырған өзгерістер, олардың негізгі бағыттары және бюджет қаражатының нысаналы мақсаты туралы ақпарат берілді.
- «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 22/10-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Екінші мәселе бойынша Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болысова Асем Алексеевна баяндама жасады.
Сессия барысында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына енгізілетін өзгерістер қаралды.
Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1283554?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау