МЕКТЕПКЕ ЖОЛ – ИГІ ДӘСТҮР
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын қызметкерлеріміздің балаларына оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары мен сөмкелер табысталды.
Бұл – жас ұрпаққа қолдау көрсетіп, әріптестерімізге көңіл бөлуге бағытталған ізгі бастама. Осындай шаралар ұжымдағы өзара сыйластықты, ауызбіршілікті және жанашырлықты арттыра түседі.
Мектепке жол – жарқын болашаққа бастар жол!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1283781?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау