Бүгін – білім мен ізденістің бастауы болған айтулы күн. 1 қыркүйек – Білім күніне орай ауыл әкімі ауылымыздағы үш мектептің ұстаздары мен оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ауыл әкімі өз құттықтауында білім алушыларға жаңа оқу жылында толағай табыстар, биік жетістіктер, сапалы білім мен жарқын болашақ тіледі. Ұстаздарға жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс, қажымас қайрат және отбасыларына амандық тіледі. Сондай-ақ, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ақ жол тілеп, олардың білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдары сәтті болуына ізгі тілегін жеткізді. Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа жетістіктерге, толағай табыстарға және жарқын бастамаларға толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1283623?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау