Павлодар облысында иммунопрофилактика мәселелері талқыланды
Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың төрағалығымен иммунопрофилактика мәселелері бойынша облыстық штаб отырысы өтті.
Жиынға Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова және Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Кучуков қатысты.
Отырыста халықты профилактикалық екпелермен қамту деңгейін арттыру, иммунопрофилактика іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ақпараттық жүйенің «Вакцинация» модулін тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Сонымен қатар вакцинациядан уақытында өтпей қалған азаматтарды қосымша иммундаумен қамту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликова вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуын болдырмау үшін профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, медициналық ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Мамандардың үйлесімді жұмысы, профилактикалық екпелермен қамтуды арттыру және тұрғындардың вакцинацияға жауапкершілікпен қарауы өңірдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1283861?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау