Павлодарда полиция қызметкері ERG RUN FEST – 2026 жарысында алтын медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Павлодар облысы Ақсу қаласында кәсіби спортшылар мен жүгіру әуесқойларын біріктірген ERG RUN FEST – 2026 жүгіру фестивалі өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 1200-ге жуық спортшы қатысты.

     Жарыста “ҚР ІІМ Арлан” спорт кешенінің намысын Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкері Әсел Абдраманова қорғап, алтын жүлдеге ие болды.

     Спортшылар 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда бақ сынады. Әсел Абдраманова 21 шақырымды 1 сағат 36 минутта жүгіріп өтіп, әйелдер арасындағы өз жас санатында үздік нәтиже көрсетті.

– Бұл марапат мен үшін өте маңызды. Әр жеңістің артында тынымсыз жаттығу мен қатаң тәртіп бар. Осындай нәтижеге қол жеткізгенімді мақтан тұтамын. Бұл жетістік мені алға ұмтылып, бұдан да биік мақсаттар қоюға жігерлендіреді. Қазір өз өмірімді спортсыз елестете алмаймын, – дейді Әсел.

     Полиция қызметкері жеңіл атлетикадан түрлі деңгейдегі жарыстардың тұрақты жеңімпазы әрі жүлдегері. Ол ұзақ жылдар бойы спортпен кәсіби түрде айналысып келеді. Жеңіл атлетиканың жүгіру, ядро, диск және балға лақтыру, ұзындыққа және үш қарғып секіру секілді бірнеше түрінен сынға түскен.

     Әсел Абдрамова – диск лақтырудан Қазақстан рекордшысы, күштік спорт түрлерінен әлем және Азия чемпионы, спорт шебері. Оның қоржынында түрлі деңгейдегі жарыстардан көптеген алтын, күміс және қола медаль бар.

     Қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәртіп сақшысының бұл жетістігі – табандылық пен тәртіптің нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1283338?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version