«Полицей болғым келеді»: Өңірдің бас полицейі болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінде жасөспірімдердің полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Полицей болғым келеді» іс-шарасы өтті. Іс-шараға болашақта полицей болуды армандайтын жасөспірімдер қатысты.
Кездесу барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев балалармен пікір алмасып, олардың полиция қызметі туралы ойлары мен қызығушылықтарын тыңдады. Естелік сыйлықтар табысталды. Жас жеткіншектер департаменттің тыныс-тіршілігімен танысып, полицейлердің күнделікті атқаратын қызметімен танысты. Сондай-ақ, полиция қызметінің негізгі бағыттары, қызметтік міндеттер мен полицей болуға қойылатын талаптар туралы мағлұмат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1283809?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version