Баршаңызды Білім күнімен, жаңа оқу жылы басталған шуақты сәтпен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні шын мәнінде бүкілхалықтық мереке. Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндерге сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам деп білемін. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштасуына тілекшімін.
Еңбектің ең үлкені – Білім! Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде қаламызда да көптеген оңды істер атқарылуда. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда.
Қымбатты оқушылар!
Сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдеріңізді толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер.
Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр.
Сондықтан, Сіздер қай кезеңде болмасын ілім-білім жинауға асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдеріңізді кәдеге жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар қатарынан болатындарыңызға сенемін.
Сондай-ақ, алған білімімізді туған жерімізді көркейтуге арнаймыз деп асқақ шыңдарға қол созған барша ізденуші жастарға да ізгілік жолдас бола бергей.
Жаңа оқу жылы жетістіктерге жетелесін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1283902?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау