Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар аулаларды абаттандыру, табиғи газбен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жер телімін қарастыру, елді мекен атауын өзгерту, тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.
– Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1283913?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау