«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды. Проза жанрына арналған байқау жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады. Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

Әдеби байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады.

Өтінім 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында qoljazba.bookfund.kz⁠ сайты арқылы қабылданады.

Жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08 телефондары арқылы алуға болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1283444?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version