Қарағанды қаласындағы Достық үйінде «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Биыл іріктеу кезеңдеріне 100-ден астам отбасы қатысты. Қарағанды облысының 13 қаласы мен ауданынан 26 үздік отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде — Кернебаевтар отбасы, Қарағанды қаласы;
🥇 I орын — Пшенбаевтар отбасы, Нұра ауданы;
🥈 II орын — Пята отбасы, Осакаров ауданы;
🥉 III орын— Бейсенаевтар отбасы, Қарқаралы ауданы.
Бас жүлде иегері Кернебаевтар отбасы байқаудың республикалық кезеңінде Қарағанды облысының намысын қорғайды.
Байқауға қатысқан әрбір отбасының артында сүйіспеншілікке, өзара құрметке, адал еңбек пен жауапкершілікке негізделген тағылымды тарих бар. Адам бойындағы асыл қасиеттер берік отбасында қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы сақталады және елдің болашағы қаланады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Кернебаевтар отбасына байқаудың республикалық кезеңінде Қарағанды облысын лайықты таныстыруға тілектестік білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/1283927?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау