Қауіпсіз болашақ үшін: Қызылордада полицейлер оқушылармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     1 қыркүйек – Білім күні Қызылорда облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Б. Багисов №101 мектеп-лицейіне барып, оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.

     Кездесудің негізгі мақсаты – есірткінің таралуының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдердің өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

     Іс-шара барысында полиция қызметкері оқушыларға есірткі қолданудың адам денсаулығына тигізетін кері әсері мен ауыр салдары туралы айтып, күмәнді ұсыныстарға ермей, кез келген жағдайда саналы әрі дұрыс таңдау жасауға шақырды.

     Сонымен қатар білім алуға ұмтылу, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушылардың бүгінгі таңдауы олардың болашағына ғана емес, елдің келешегіне де тікелей әсер ететіні атап өтілді.

     Кездесу барысында “Таза Қазақстан” экологиялық бастамасының маңызы да түсіндірілді. Оқушыларға қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа ұқыпты қарау және туған жеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.

     Іс-шара соңында полицейлер оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында табыс, биік жетістіктер және алға қойған мақсаттарына жетуді тіледі.

     Денсаулығы мықты, білімді әрі саналы ұрпақ – елдің жарқын болашағының берік негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1283412?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version