Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облысы Абай қаласының «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облысы Абай қаласының «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Сапар барысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың тұру жағдайлары, тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді және бос уақытты ұйымдастыру мәселелері зерделенді. Сондай-ақ мекеме үй-жайларының санитариялық жай-күйі мен материалдық-техникалық жабдықталуына баға берілді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы әрбір адамның қадір-қасиетін, жеке басына қол сұғылмаушылығын және құқықтарын құрметтеу қажеттілігіне, сондай-ақ қатыгез қарым-қатынастың кез келген түріне жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1283364?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version