Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Конюхово ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 251-ші жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндіру бекеті Конюхово және Куломзино ауылдарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жауапкершілік аймағында 321 адам тұрады, 130 аула бар.
Жаңа өрт сөндіру бекеті қызмет атқаруға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Бөлімшенің штат саны 6 адамды құрайды. Өрт сөндіру бекеті Конюхово ауылдық округі әкімдігінің аумағында орналасқан. Жедел әрекет ету үшін ТЖМ бөлімшеге өрт сөндіру техникасын, өрт-техникалық жарақтарды және қажетті құрал-жабдықтарды тапсырды.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін күшейтіп, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1283466?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау