ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары, аудандық жер комиссиясының төрағасы Б. Қайратұлының қызметінен босатылуына байланысты аудандық жер комиссиясының жаңа құрамын бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық жер комиссиясының жаңа құрамын бекіту мәселесі алдағы уақытта Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында қарауға ұсынылатын болады.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта аудандық жер комиссиясының жаңа құрамы толық қалыптастырылмағандықтан, «Е-лицензия» ақпараттық платформасы арқылы келіп түскен өтініштерді аудандық жер комиссиясының қарауына шығару және олар бойынша тиісті қорытынды қабылдау мүмкіндігі уақытша шектеліп отырғанын хабарлаймыз.

Аталған мәселе аудандық жер комиссиясының жаңа құрамы тиісті тәртіппен бекітілгеннен кейін, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешілетін болады.

Сіздерден қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1283424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version