Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлерінің бастамасымен балаларға қауіпсіздік ережелерін түсінікті әрі қызықты түрде жеткізуге бағытталған ерекше профилактикалық формат әзірленді.
Арнайы дайындалған таяқша кәмпиттер жай ғана тәтті емес. Әр кәмпиттің ішіне қауіпсіздік ережелері жазылған шағын ескерту бейнеленген. Онда: «Отпен ойнама!», «Сіріңке – қауіпті!», «Өрт кезінде 112-ге хабарлас!», «Терезе алдына шықпа!», «Судан абай бол!» деген маңызды ескертулер жазылған.
Кәмпиттер Білім күніне орай арнайы дайындалып, 1 қыркүйекте балаларға табысталды. Сонымен қатар балалар мен ата–аналарға қаптамасында қауіпсіздік ережелері бейнеленген және маңызды ескертулер жазылған ауыз су ұсынылды.
Ерекше формат оқушылар мен ата-аналардың қызығушылығын тудырды. Өйткені кейде маңызды ережені есте сақтаудың өзі үшін оны кішкентай тосынсыйға айналдыру жеткілікті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1283830?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау