Сәйкестік декларациясы дегеніміз не?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәйкестік декларациясы – мердігер (бас мердігер) аяқталған құрылыс нысаны бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;ҚР Құрылыс кодексінің 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері елді мекендерді жобалау, салу және салу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды абаттандыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік құрылыс нысандарына және олардың үй-жайларына қолжетімділікті көздеуге міндетті.

Осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету Сәйкестік декларациясының 13-тармағына қол қою арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен рақталатыны көзделген.

 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  департаментіне Сәйкестік декларациясының 13-тармағын келісу үшін СҚО, Петропавл қ., Промышленная көшесі, 7/15 жер учаскесі, «QYZYLJAR» арнайы экономикалық аймағының аумағы мекенжайы бойынша орналасқан «Кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі зауыт құрылысы» нысанының бас мердігері болып табылатын «BI-Industrial» ЖШС-нен өтініш түсті.

Бүгін, 2026 жылғы 1 қыркүйекте халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді тексеру мақсатында аталған нысанға барып, тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша бұл нысанның ішінара бейімделгені, Ереже нормаларының талаптарына сәйкес келмейтін тұстары бар екені, сонымен қатар көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілмегені анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша өтініш берушіге Сәйкестік декларациясына қол қоюдан бас тарту туралы қорытынды беріледі. Барлық анықталған ескертулер жойылғаннан кейін, ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес мердігер Сәйкестік декларациясына қол қою туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.

 

Бейнероликтен толығырақ көріңіз:

https://www.instagram.com/reel/DcvsARpogle/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1283874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version