Тобыл өзенінің жағалауын абаттандыру: Триатлон саябағы мен жаңа стадион құрылысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімінің жұмыс сапары аясында Триатлон саябағындағы негізгі абаттандыру жұмыстарының аяқталуы мен жаңа стадион құрылысының барысы таныстырылды.

Қазiргi уақытта Триатлон саябағында әкімшілік-тұрмыстық кешені бар кіреберіс тобының құрылысы толығымен аяқталып, нысанды пайдалануға қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Жаңадан бой көтерген әкімшілік-тұрмыстық кешен турғындар мен қала қонақтарына арналған заманауи қызмет көрсету хабына айналады. Тұжырымдамаға сәйкес, ғимаратта қоғамдық дәретханалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы санитарлық тораптар, душ бөлмелері, учаскелік полиция пункті және қызмет көрсетуші персоналға арналған бөлмелер қарастырылған.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 8 арнайы орын бөлінді. Бұл аумақтарда кофейнялар, сауда нүктелері мен спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру қызметтері ұйымдастырылады. Нысанды қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін аталған орындарды жалға беру бойынша ашық конкурс өтеді. Сондай-ақ, 20 қыркүйекке дейін саябақтың 39 гектар аумағын толық қамтитын автоматты суару жүйесін орнату жұмыстары толығымен аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1283938?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version