Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің өндірістегі жазатайым оқиғалардан қорғалуын күшейту мақсатында түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесуге Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол Серікбайұлы, өңірдегі жеке меншік мектеп, балабақша басшылары, жеке кәсіп иелері және білім беру саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің міндеттері, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Қатысушыларға еңбек жағдайларын қауіпсіз ұйымдастыру, жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қызметкер өндірістік жарақат алған жағдайда сақтандыру төлемдерін алу тәртібі, жұмыс берушінің жауапкершілігі және еңбек заңнамасында көзделген әлеуметтік кепілдіктер жөнінде түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1283335?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау