Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара барысында полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.
Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш – Монтайтас автожолында бақылау жүргізу кезінде Toyota Camry автокөлігінің басып озуға тыйым салынған жол бөлігінде қарсы бағытқа шыққанын тіркеді.
Құқық бұзушылық дронның көмегімен анықталған.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1283719?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау