Жоспарлы тексеру нәтижесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026 жылы жоспарлы тексеруге жататын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының тізбесін бекіту туралы» №294 бұйрығы, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы  26 желтоқсандағы «Ақмола облысының білім беру басқару органдарының қызметіне жоспарлы тексеру жүргізудің тізбесін бекіту туралы» №155 бұйрығына сәйкес Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылға 6 білім бөлімінде: 2-5 маусым аралығында «Ақмола облысы білім беру басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, 15-19 маусым аралығында «Ақмола облысы білім беру басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, 7-10 шілде аралығында «Ақмола облысы білім беру басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, 13-17 шілде  аралығында «Ақмола облысы білім беру басқармасының Ерейментау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде,  3-7 тамыз аралығында «Ақмола облысы білім беру басқармасының Жарқайың ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, 10-14 тамыз аралығында «Ақмола облысы білім беру басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоспарлы тексеру жүргізді.

         Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, сондай-ақ білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өткізілді.

         Тексеру барысында білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, білім беру процесін ұйымдастырудың белгіленген тәртібінің орындалуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы және уақытылы ұсынылуы, оларды көрсету тәртібінің сақталуы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі зерделенді.

«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының келесі бұзушылықтары анықталды: 2024, 2025, 2026 жылдары бойынша Мектепке дейінгі ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс орналастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының  (2024 жылғы 30 желтоқсандағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №372 бұйрығына) 13 тармағы 2 тармақшасына  сәйкес 2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығына сәйкес жағдайларға байланысты ұсынылатын  және 66 тармағының 13 тармақшасына сәйкес өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерін анықтайтын құжаттары қамтылмағаны анықталды.

Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін  жаңа модификациядағы STEM кабинеті  -2 жеткіліксіздігі анықталды.

Ұлттық бірыңғай деректер қоры бойынша  «Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейі» КММ-нде барлығы 168 педагог жұмыс істейді, онын 46 біліктілігін арттыру курстарынан 3 жылдан өткен, алайда 122 педагог өтпегені анықталды.

Алайда, «Айдархан» («Әлфия») балабақшасында медициналық қызметкердің бос жұмыс орны сақталып, Мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және балалардың денсаулығын сақтау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілмеген.

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының келесі бұзушылықтары анықталды: 2024 жыл бойынша қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс орналастыру барысында өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес талап етілетін құжаттардың ұсынылмағаны анықталды. Қосымша білім беру ұйымы ұсынған білім беру бағдарламасына берілген түсіндірме жазбада бағдарламада көзделген білім алушылардың жас санаты (5–7 жас, 8–10 жас және т.б.) туралы ақпарат қамтылмаған. 2025, 2026 жылдарға арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде болуына байланысты оларды қарау және талаптарға сәйкестігін растау мүмкін болмады.

Тексеру барысында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы іске асыру үшін жаңа модификациядағы робототехника кабинеті – 1, физика кабинеті – 1, химия кабинеті – 1 және биология кабинеті – 1 бірлік көлемінде жеткіліксіз екендігі анықталды.

Аудан бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру және курстан кейінгі қолдау көрсету жұмыстары жүргізілгенімен, мектепке дейінгі ұйымдардың 25 педагогтері белгіленген мерзімде біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені анықталды.

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Родина ауылының балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Жас Шабыт балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны білім беру қызметін хабарлама жасамай жүзеге асырған.

Family group KZ ЖШС «Ақбота» балабақшасы, Family group KZ ЖШС Еркетай балабақшасы, «Асыл тұмар» ЖШС «Асыл тұмар» балабақшаларында медициналық қызметкердің бос жұмыс орны сақталып, мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және балалардың денсаулығын сақтау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілмеген.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының келесі бұзушылықтары анықталды: «Ақмола облысы білім  басқармасының Шортанды ауданы  бойынша білім бөлімінің Шортанды кентінің №1 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Степное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде робототехника кабинетінің жеткіліксіздігі анықталды.

Аудан бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру және курстан кейінгі қолдау көрсету жұмыстары жүргізілгенімен, мектепке дейінгі ұйымдардың 10 педагог, орта білім беру ұйымдарында 35 педагог, қосымша білім беру ұйымдарында 2 педагог белгіленген мерзімде біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені анықталды.

«Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Научный кентінің балалар музыка мектебі» МКҚК және «Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК білім беру қызметін хабарлама жасамай жүзеге асырған.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылыс жайлары мен үй-жайларына қол жетімділікті қамтамасыз етпеген (пандус, пандусқа арналған тұтқалар, Брайль қарпімен жазылған ақпараттық белгілер, тактильді жолақтар орнату, мнемосхемалар) жағдай жасамаған.

     Пандус 2  жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орнатылмаған:  «Шортанды ауданы, Новоселовка ауылы «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Бектау ауылы «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан» бөбекжайы».

      Пандусқа арналған тұтқалар 2  жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда  орнатылмаған:   «Шортанды ауданы, Новоселовка ауылы «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Бектау ауылы «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан» бөбекжайы».

        Брайль қарпімен жазылған ақпараттық белгілер –35 ұйымның 35-інде  орнатылмаған.

       Мнемосхемалар 4 жеке меншік мектепке дейінгі  ұйымда орнатылмаған: «Шортанды ауданы, Новоселовка ауылы «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Дамса ауылы «Тимакс» ЖШС «Радуга» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Азденбаев Ж.Т.» ЖК «Амина» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Бектау ауылы «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан» бөбекжайы».

       Тактильді жолақтар 10  жеке меншік мектепке дейінгі ұйымда және мемлекеттік мектепке дейінгі  ұйымдарда орнатылмаған: Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда: «Шортанды ауданы, Новоселовка ауылы «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Азденбаев Ж.Т.» ЖК «Амина» бөбекжайы», «Шортанды ауданы, Бектау ауылы «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан» бөбекжайы».

         Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда: «Шортанды кентінің «Ақбота» балабақшасы» МКҚК, «Шортанды кентінің «Балдәурен» балабақшасы» МКҚК, «Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» МКҚК, «Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайы» МКҚК, «Петровка ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК, «Дамса ауылының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК, «Новокубанка ауылының «Гүлдер» бөбекжайы» МКҚК.

         22 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі, комиссия құрамында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының тең өкілдігі қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ комиссия мүшелерінің тақ саны сақталмаған және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес талап етілетін құжаттардың ұсынылмағаны анықталды.

         2 қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру орналастыру жөніндегі комиссия құрамында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының тең өкілдігі қамтамасыз етілмеген, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосымша орындар бөлу кезінде конкурс өткізу туралы хабарландырулар ресми интернет-ресурста жарияланбаған, талаптары толық көлемде сақталмаған, конкурс рәсімдерінің ашықтығы, құжаттардың сәйкестігін бағалау және комиссия қызметінің объективтілігі қамтамасыз етілмеген және өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне қатысты міндетті құжат ұсынылмаған.

         Мықтыкөл ауылының НОМ жанындағы «Арай» шағын орталығы; Ключи ауылының НОМ жанындағы «Қуаныш» шағын орталығы, Пригородное ауылының ЖОББМ жанындағы «Арман» шағын орталығы, Степное ауылының ЖОББМ жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығы, Андреевка ауылының ЖОББМ жанындағы «Бал ара» шағын орталығы, Раевка ауылының ЖОББМ жанындағы «Балапан» шағын орталықтарында және «Ай-Дана» бөбекжай-бақшасы («Ай-Дана10» ЖШС, Новоселовка ауылы) медициналық қызметкердің бос жұмыс орны сақталып, мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және балалардың денсаулығын сақтау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілмеген.

         «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының келесі бұзушылықтары анықталды: Ғимарат ішіндегі электр сымдарының, кабельдердің және жерге тұйықтау (қосу) құрылғыларының оқшаулау кедергісіне міндетті мерзімді сынаулар мен аспаптық өлшеулер жүргізілмеген; ғимараттың дәліз бөлмелерінде электр шамдары қорғаныш плафондарысыз (реңсіз) пайдаланылған; төтенше жағдай немесе өрт туындаған кезде адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге арналған эвакуациялау жоспары әзірленбеген және ілінбеген; өртке қарсы қызметтің шұғыл шақыру «101» және «112» телефон нөмірлері көрсетілген арнайы ақпараттық белгілер (тақтайшалар) орнатылмаған.

2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құжаттары ұсынылмады (құжаттар прокуратура) тапсырылған.

2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құжаттары комиссия құрамымен тексеріліп ескертулер хаттама негізінде жасалып қағаз жүзінде көрсетілгенмен, шешімі шығарылғаны бойынша басшының қолы қойылған хаттама ұсынылмады.

         Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту жұмысы жүргізілмегені анықталды.

         Педагогикалық психологиялық қолдау қызметі білім беру мекемелерінде, әдістемелік жұмысы, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) өткізуге келісімі, қағидаларға сәйкес емес.

         Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру және курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүйелі жоспарлау қамтамасыз етілмеген. 

         Педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатарын беру (растау) жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес емес.

         Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау және қызметтен босату рәсімдері, сондай-ақ бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылмайды.

         «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының келесі бұзушылықтары анықталды: 2024, 2025 жылдары бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды қарастыруға құжаттар ұсынылмады.

          16 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі, комиссия құрамында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының тең өкілдігі қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ комиссия мүшелерінің тақ саны сақталмаған және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес талап етілетін құжаттардың ұсынылмағаны анықталды. 1 қосымша білім беру ұйымына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға орындар бөлу кезінде конкурс өткізу туралы хабарландырулар ресми интернет-ресурста жарияланбаған, талаптары толық көлемде сақталмаған, конкурс рәсімдерінің ашықтығы, құжаттардың сәйкестігін бағалау және комиссия қызметінің объективтілігі қамтамасыз етілмеген және өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне қатысты, қосымша білім беру ұйымдарында (күндізгі болу ұзақтығы 4 сағат және одан көп болған жағдайда) балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты құжаттар; мемлекеттік кірістер органдарындағы берешектің жоқ (болуы) туралы, құжаттар тапсырылғанға дейін кемінде бір ай бұрынғы мәліметтер туралы міндетті құжат ұсынылмаған.

          Тассуат ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар, мнемосызбалар мен мекеменің аты жазылған тақтайшалар орнатылмаған.

          Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы  жарақтандырылмаған: «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласының Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 1 биология кабинеті, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 1  робототехника кабинеті, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің  Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ интерактивті панельдердің жеткіліксіздігі анықталды.

          «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасындағы мониторинг нәтижесінде бірнеше педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы бұйрығы жүктелмегені анықталды. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары үш жылда бір рет өткізілетін міндетті аттестаттаудан өтпегендер: Мұқанова Асель Боранбаевна – Отрадное ауылының негізгі орта мектебі, Даулетбекова Светлана Шариповна – Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Ахметова Гульнар Кажмұхамбетова – Шойындыкөл ауылының негізгі орта мектебі, Рамазанова Жанар Хабидуллаевна – «Солнышко» балабақшасы, Құмарова Салтанат Саменовна – «Балдырған» бөбекжайы.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық комиссия құрамы нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес бос лауазым туралы хабарландырулар білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында жарияланбаған, тек «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында тіркелген.

 Жарқайың ауданы бойынша білім бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелерде қазіргі уақытта бос педагогтік лауазымдардың бар екені анықталды:  бастауыш сынып мұғалімі – 3, ағылшын тілі -1, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі – 3, математика мұғалімі – 3, физика пәні мұғалімі – 1, химия мұғалімі – 1,  тарих  пәні мұғалімі – 1, география пәні мұғалімі – 1,  педагог психолог – 3,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау бойынша құжаттарды зерделеу барысында білім бөлімі тарапынан аудан бойынша  педагогтердің тоқсан сайынғы қозғалысы, педагог қызметкерлердің тапшылығын бақылау жүргізілмейтіндігі анықталды.

Жарқайың ауданы бойынша білім бөліміне қарасты бірқатар мемлекеттік білім беру ұйымдарында бірінші басшының міндетін атқарушылар белгіленген мерзімнен асыра қызмет атқарып отырғаны анықталды: «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Алдашев Амирхан Кожаниязович бірінші басшының міндетін 2025 жылғы 9 қазаннан бастап атқаруда, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пригородное ауылының Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   Макагонова Наталья Владимировна бірінші басшының міндетін 2025 жылғы 25 тамыздан бастап атқаруда, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебі» КММ Калшабекова Мухитжан Керимкулович бірінші басшының міндетін 2025 жылғы 1 сәуірден бастап атқаруда, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Бірсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Кайкина Анара Айтпаевна бірінші басшының міндетін 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап атқаруда, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасаөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ Чинасилова Асель Муратовна бірінші басшының міндетін 2025 жылғы 31 қаңтардан бастап атқаруда, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-де Айтпаева Бибігүл Ерікқызы бірінші басшының міндетін 2025 жылғы 29 тамыздан бастап атқаруда, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК  Ерекешева Салтанат Ибрашевна бірінші басшының міндетін 2023 жылғы 30 наурыздан бастап атқарады.

          Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің бос немесе уақытша бос лауазымдар пайда болған жағдайда облыстың білім басқармасына конкурс өткізу туралы өтініштерді мерзімдерінен кешіктіріп жолданатыны  анықталды (Пятигор а. ЖОББМ, Тасөткел а.ЖОББМ, Гастелло а. ЖОББМ, Құмсуат а.НОМ, Державин қ. Ақпан Үкібаев ат.ЖОББМ, Пригородное а. Абай ат. ЖОББМ).

          Аудан педагогтері мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өтпейтіндігі (Гастелло а. ЖОББМ-3, Шойындыкөл а. НОМ-4, Кең а. НОМ-1, Костычево а. Октябрьдің 50 жылдығы ат.ЖОББМ-1, Державин қ.  Надежда Крупская ат. №1  мектеп-гимназиясы-2, Державин қ. Николай Островский ат.ЖОББМ-2, Тасты-Талды а. ЖОББМ-4, Үшқарасу а. НОМ-1, Пригородное а. Абай ат.ЖОББМ-2, Пятигор а.ЖОББМ-3, Уәлиханов а. НОМ -1, Тассуат а. БМ-2) анықталды.

         «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының келесі бұзушылықтары анықталды: «Ақмола облысының білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-де қатаң есептілік бланкілерін сақтау, есепке алу және беру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгенімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығының талаптарын толық сақтау қамтамасыз етілмеген. Атап айтқанда, білім беру ұйымының тиісті өтінішінсіз аттестат бланкісін беру фактісі анықталған, бүлінген аттестат бланкілерін есептен шығару туралы тиісті актілер жасалмаған, сондай-ақ қатаң есептілік бланкілерін қабылдау, сақтау және есептен шығару жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрық ұсынылмаған. Сонымен қатар, аттестат бланкілерінің қозғалысы мен жыл соңындағы қалдықтарына тиісті есеп жүргізілмейді, пайдаланылмаған бланкілердің нақты қалдығы белгіленіп, тіркеу қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты, қатаң есептілік бланкілерін есепке алу, сақтау, беру және есептен шығару тәртібін ұйымдастыру барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

         Мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттарын зерделеу барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 13 және 14-тармақтарының жекелеген талаптарының толық көлемде сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес тиісті жағдайлардың жасалғанын растайтын құжаттар ұсынылмаған. Бұл ретте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларымен реттеледі. Осыған байланысты, білім беру ұйымының қызметін ұйымдастыру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын құжаттамалық растау бойынша кемшілік анықталып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын толық сақтау қамтамасыз етілмеген.

         Аршалы ауданындағы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруге қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгенімен, білім алушылардың кедергісіз және қолжетімді ортада білім алуына қойылатын талаптар толық көлемде сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, 29 жалпы білім беретін мектептің 28-інде пандустар орнатылғанымен, 1 мектепте пандус жоқ, сондай-ақ 5 жалпы білім беретін мектепте пандустарға арналған тұтқалар орнатылмаған. Сонымен қатар, 11 жалпы білім беретін мектепте Брайль қарпімен жазылған белгілер, 12 мектепте мнемосхемалар және 9 мектепте тактильді жолақтар орнатылмаған. Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша да кемшіліктер анықталды: 9 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның 1-інде пандус жоқ, 3 ұйымда пандус тұтқалары, 7 ұйымда Брайль қарпімен жазылған белгілер, 8 ұйымда мнемосхемалар және 4 ұйымда тактильді жолақтар орнатылмаған.

           Осыған байланысты, Аршалы ауданындағы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді және кедергісіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нормативтік талаптардың толық көлемде орындалмағаны және тиісті кемшіліктерге жол берілгені анықталды, атап айтқанда, пандустармен, пандустарға арналған тұтқалармен, Брайль қарпімен жазылған белгілермен, мнемосхемалармен және тактильді жолақтармен қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталмағаны анықталды.

         Арнасай ауылының ЖОББМ (оқушы саны 156) робототехника, физика, химия биология кабинеттері, Сары-Оба станцясының №1 ЖОББМ (оқушы саны 66) робототехника, STEM, физика, химия, биология кабинеттері, Ақбұлақ ауылының ЖОББМ (128 оқушы)  робототехника, STEM, физика, химия кабинеттері,  Анар станциясының ЖОББМ (153 оқушы)  робототехника, STEM, физика, химия кабинеттері, Қостомар ауылының ЖОББМ (153 оқушы)  робототехника, STEM, физика, химия, биология кабинеттері, Михайловка ауылының  ЖОББМ (138 оқушы) робототехника, химия, биология кабинеттері,  Жібек Жолы ауылының ЖОББМ (498 оқушы) робототехника,  физика, химия, биология кабинеттері, Константиновка ауылының ЖОББМ (130 оқушы) робототехника, STEM, физика кабинеттері, Жалтыркөл ауылының ЖОББМ (306 оқушы)  робототехника, STEM, физика, химия кабинеттері,  Елтай ауылының ЖОББМ (198 оқушы) робототехника, STEM, физика, химия кабинеттері, Сарыоба ауылының №2 ЖОББМ (107 оқушы) роботехника, STEM, физика, химия кабинеттері,  Бұлақсай ауылының Абай атындағы орта мектебі (98 оқушы) STEM, физика, химия кабинеттері,  Турген ауылының ЖОББМ (105 оқушы) робототехника, STEM, физика, химия кабинеттерінің қажеттілігі анықталды.

          Жүргізілген зерделеу нәтижесінде ауданның жоғарыда аталған жалпы білім беретін мектептерінде робототехника, STEM, физика, химия және биология кабинеттерінің қажеттілігі анықталды. Атап айтқанда, 13 мектепте аталған кабинеттердің бір немесе бірнеше түрінің қажеттілігі бар. Жалпы осы мектептердегі оқушылар саны 2 286 оқушыны құрайды. Бұл білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз ету қажеттілігін көрсетеді.

          Сонымен қатар, білім беру ұйымдарын тиісті оқу жабдықтарымен жарақтандыру бойынша анықталған қажеттіліктердің қамтамасыз етілмеуі «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығында белгіленген талаптары сақталмаған.

 Зерделеу барысында анықталған робототехника, STEM, физика, химия және биология кабинеттерінің қажеттіліктерін тиісті нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет.

         «Ұстаз 2025» ақпараттық базасын зерделеу барысында педагогтерді аттестаттауды жүргізу кезінде белгіленген талаптардың сақталмау фактілері анықталды. Атап айтқанда, бірқатар педагогтердің сабақтарды бақылау парақтары бір күнмен белгіленген, сондай-ақ ақпараттық платформада қалыптастырылған ұпайлар мен аттестаттау комиссиясы бекіткен ұпайлар арасында елеулі сәйкессіздіктер анықталды. Мәселен: Морошан Юрий Юрьевич бойынша платформада 31 ұпай көрсетіліп, аттестаттау комиссиясы 88 ұпай бекіткен; Жанабаева Наталья Анатольевна – тиісінше 28 және 56 ұпай; Бурячовская Любовь Николаевна – 22 және 50 ұпай; Аманжол Райхан Елемесовна – 20 және 108 ұпай; Торткарина Гульбагира Сайлаубековна – 28 және 108 ұпай; Абильхайырова Сандугаш Болатбаевна – 24 және 115 ұпай, сондай-ақ 31 және 131 ұпай; Байманова Гульсина Сабырбековна – 28 және 118 ұпай.

         Осылайша, педагогтерді аттестаттауды жүргізу барысында бағалау нәтижелерінің объективтілігі мен сәйкестігін қамтамасыз ету, сабақтарды бақылау нәтижелерін тиісті түрде рәсімдеу және ақпараттық платформадағы деректер мен аттестаттау комиссиясының шешімдері арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету талаптары сақталмаған. Аталған фактілер педагогтерді аттестаттау және оларға біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібінің бұзылғанын көрсетеді.

         Білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру барысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары толық көлемде сақталмағаны және тиісті бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

         Аршалы ауданы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және педагогтердің курстан кейінгі қызметін қолдау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталмаған. Атап айтқанда, біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің курстан кейінгі қызметін сүйемелдеу, алған білімдері мен дағдыларын педагогикалық практикада қолдануына әдістемелік қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүйелі  ұйымдастырылмаған.

         Жаратылыстану-математика бағыты және бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстардың өткізілгеніне қарамастан, оларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдері тиісті құжаттармен толық расталмағаны анықталды. Атап айтқанда, жарыстарды өткізу туралы бұйрықтар мен ережелер, мектепішілік және аудандық кезеңдердің қорытынды есептері, баллдары көрсетілген хаттамалар, өтінімдер, хаттамалардың түпнұсқалары, білім алушылардың конкурстық жұмыстары және облыстық деңгейдегі бұйрықтар ұсынылмаған.

          Осыған байланысты, аталған жарыстарды ұйымдастыру және өткізу нәтижелерін құжаттамалық рәсімдеу бойынша кемшіліктер анықталып, аудандық деңгейде өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін тиісті құжаттармен растау қамтамасыз етілмеген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1283892?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version