ЖЫЛЫОЙДА 1200 ОРЫНДЫ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күні Жылыой ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа 1200 орындық заманауи мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазіргі таңда мектепте 850 оқушыға арналған 37 сынып-комплект жасақталған. Білім ордасында 52 оқу кабинеті, екі спорт залы, екі асхана, 260 орындық акт залы, STEM және робототехника кабинеттері, инклюзивті білім беру кабинеттері, хореография залы, оқу залы және медиатекалы кітапхана бар. Сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи цифрлық құралдармен қамтамасыз етілген.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов қатысып, жаңа білім ордасының маңыздылығына тоқталды.

«Бұл заманауи мектеп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынған. Бұл – мемлекетіміздің жас ұрпаққа, олардың сапалы білім алуына және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға айрықша мән беріп отырғанының нақты көрінісі. Мемлекет басшысының білім саласына қойған міндеттері мен бастамаларының нақты нәтижесі ретінде бой көтерген бұл білім ордасы ел болашағы – жас ұрпақтың игілігіне қызмет ететініне сенімдіміз», – деді аудан әкімі.

Мектеп құрылысын «Тұран Аскент» ЖШС жүргізді. Ашылу рәсімі барысында мердігер мекеме тарапынан мектеп директорының міндетін атқарушы К.Шығанбаеваға білім ордасының символикалық кілті табысталды.

Жаңа білім ордасының пайдалануға берілуі – ауданның білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті заманауи жағдай жасалған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1283814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version