Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлерін аралап, алдағы жылыту маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Тұрғындарға пештерді, мұржаларды және жылыту құрылғыларын алдын ала тексеріп, ақаулар анықталған жағдайда жөндеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу, ақаулы электр құралдарын пайдаланбау, пешті қараусыз қалдырмау және жанғыш заттарды жылыту құрылғыларына жақын орналастырмау ескертілді. Әлеуметтік осал отбасыларға улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1283286?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау