📌 Жарлыөзек ауылдық округінде мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жарлыөзек ауылдық округі аумағында мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ауыл тұрғындарының қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарына ауылдық округ мамандары мен округ полиция қызметкері қатысып, ауыл тұрғындарына мал ұрлығының алдын алу бағытында бірқатар маңызды мәселелер түсіндірілді.
Кездесу барысында тұрғындарға малды қараусыз қалдырмау, жайылымнан қайтқан малды уақытылы түгендеу, мал қораларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түнгі уақытта малдың сақталуына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, мал иелеріне төрт түліктің сырғасы мен құжаттарының толық болуын қадағалау, малды есепке қою және жеке мүлікке жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
Округ полиция қызметкері тұрғындарға мал ұрлығы орын алған жағдайда немесе күдікті адамдар мен көліктер байқалған кезде дер кезінде полицияға хабарласудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарды қырағылық танытып, көршілермен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1284068?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау