2026 жылдың 2 қыркүйек Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Заузанбай және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы А.С. Сабырбаева бірлесіп бірқатар мектептерге және медицина орталықтарына барды:
Ақтау қаласы «Зияткерлік мектебі» ЖШС;
Ақтау қаласы «“Тұлпар мектеп лицейі» ЖШС;
«Мейірбеке» жоғары медициналық колледжі» ЖШС;
«Ясин» Медицина орталығы» ЖШС;
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Кездесуде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіліп, ұйымдардың сақтандыру компанияларымен тиісті сақтандыру шарттарын жасасуы зерделенді.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1284578?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау