Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.

Жақында Өкілдікке азаматшадан кәмелетке толмаған балаларына тиесілі алименттің өндірілмеуіне қатысты өтініш келіп түсті. Азаматшаның айтуынша, алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу 2020 жылы тоқтатылған. Алайда, алимент өндіруден бас тарту туралы өтініш берілмеген және қалыптасқан берешек өтелмеген.

Өкілдік тарапынан азаматшаның арызы бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментіне тиісті сұрау жолданып, мәселе жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп жан-жақты зерделенді.

Тексеру нәтижесінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының заң талаптарын бұза отырып қабылданғаны анықталды. Осыған байланысты Өкілдің ұсынысымен прокуратура тарапынан прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, заңсыз қаулыға наразылық келтірілді.

Нәтижесінде заңсыз қаулының күші жойылып, атқарушылық іс жүргізу қайта жаңғыртылды. Қазіргі уақытта алимент бойынша берешекті анықтау және оны өндіріп алу бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284318?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version