Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Жуырда Өкілдікке азаматтан кәмелетке толмаған төрт балаға қорғаншылықты жүзеге асыру мәселесі бойынша өтініш келіп түсті. Азаматтың айтуынша, қорғаншылық 2025 жылғы 31 наурызда рәсімделгеніне қарамастан, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер уақытылы жаңартылмаған. Соның салдарынан ол заңды қорғаншы ретінде бірқатар мемлекеттік қызметтерді толық пайдалана алмаған.
Өкілдік тарапынан азаматтың өтініші бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолданып, жауапты мамандардың қатысуымен мәселе жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, қорғаншының құқықтарын қалпына келтіру және ақпараттық жүйелердегі деректерді ретке келтіру бойынша нақты шаралар қабылдау ұсынылды.
Нәтижесінде азаматтың өтініші қанағаттандырылып, қорғаншының және кәмелетке толмаған балалардың заңды құқықтарын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284307?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау