Алматы облысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 қыркүйекте Алматы облысы әкімдігі аппаратының Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бахытұлының төрағалығымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Қабылдауға Алматы облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы А. Нарматов қатысты.

Кездесу барысында азаматтардың емханалардағы дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың қызметіне, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібіне қатысты мәселелері қаралды.

Азаматтарға қойылған сұрақтары бойынша медициналық куәландырудан өту, тиісті рәсімдерді жүзеге асыру және қолданыстағы заңнама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын алу тәртібі жөнінде толық түсіндірмелер берілді.

Қабылдау қорытындысы бойынша әрбір мәселе бойынша одан әрі атқарылатын шаралар айқындалды. Жауапты мемлекеттік органдарға азаматтарды сүйемелдеуді қамтамасыз ету және медициналық әрі әлеуметтік көмек алуға байланысты мәселелерді шешуге қажетті жәрдем көрсету тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1284554?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version