2026 жылғы 31 тамызда Ақмола облысы Әділет департаментінде Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Досан Елнур қатысты.
Семинар барысында ӘРПК нормаларын қолданудың өзекті мәселелері және осы саладағы жиі кездесетін бұзушылықтар қаралды. Іс-шара заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және олардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1284018?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау