Біз заң мен тәртіпті қорғап, өз өмірін қиған жандарды ешқашан ұмытпаймыз. Қаһарман Дархан Базарбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Бүгін оның ұлы Алисултан Базарбаев алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұрбол Сәден Алисултанды бірінші сыныпқа өзі шығарып салып, оған оқуда сәттілік тілеп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.
Бұл күн Әлисултан үшін бақытқа бастар жарқын жолдың бастауы болсын. Ал оның әкесі Дарханның жарқын бейнесі мен ерлігі оны білетін жандардың жүрегінде мәңгі сақталсын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1284501?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау