Цифрлық сот орындаушысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 27 тамызында Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысының Талғар ауданы бойынша филиалының қызметкерлеріне цифрлық сот орындаушысы және «Тараптар кабинеті» мобильдік қосымшасы  тақырыптарында түсіндіру дәрісі өткізілді.

Іс-шара барысында аталған цифрлық сервистердің мүмкіндіктері, оларды пайдалану тәртібі, атқарушылық іс жүргізу бойынша ақпаратты онлайн режимде алу және қажетті мәліметтермен танысу жолдары түсіндірілді.

Қатысушыларға азаматтарға көрсетілетін электрондық қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігі, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы уақытты үнемдеу және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1284010?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version