Депутаттар Астананың туристік инфрақұрылымын  дамыту мәселелерін талқылады (31.08.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорда мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына дайындық аясында депутаттар Астананың төрт маңызды нысанын аралады. Атап айтқанда, «Мәңгілік Ел» салтанат аркасы, «Бәйтерек» монументі, «Керуен» СОО жанындағы сквер және Нұржол бульварындағы жаяу жүргіншілер аллеясы.

Әр нысан бойынша депутаттар өзекті мәселелерді талқылап, бар проблемаларды атап өтіп, қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды айқындады.

«Бәйтерек» монументі аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.  Атап айтқанда, келушілерге арналған мобильді дәретханалар орнату мүмкіндігі, сондай-ақ электрмен жабдықтау, кондиционер жүйесі және жарықтандыруға мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, елордадағы ең биік ғимарат — «Abu Dhabi Plaza» нысанында бақылау алаңын ашу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс айтылды. Мұндай алаң туристер мен қала тұрғындары үшін Астананың панорамалық көрінісін тамашалауға мүмкіндік беретін тағы бір тартымды орынға айналуы мүмкін.

Сондай-ақ қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қалалық ортаның қолжетімділігін қамтамасыз ету және іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелері талқыланды.

Туристік нысан — бұл тек сәулет немесе тарихи ескерткіш қана емес. Бұл адамның бүкіл бағыты: нысанға қаншалықты ыңғайлы жететіні, аумақта еркін қозғала алатыны, демалатын орны және уақытын қаншалықты жайлы өткізетіні.

Айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелердің барлығы тұрақты комиссия отырысына дайындық барысында ескерілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1283987?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version