ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕН КҮНІ 💥
Бүгін «Атамекен» өнер ордасында өткен дәстүрлі тамыз конференциясы аясында білім саласының бірқатар үздік өкілдері жоғары марапаттарға ие болды.
Конференция барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбыловқа Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Құрметті Әкежан Әлібекұлы, марапатыңыз құтты болсын! Сырым ауданының білім саласын дамыту жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, толағай табыстарға ұласа берсін!
🏆 ҰСТАЗДАР – МАРАПАТ ТӨРІНДЕ!
Сонымен қатар ауданымыздың бірқатар педагогтері де республикалық және облыстық деңгейдегі марапаттарға ие болды.
🏅 Мутиева Алия Таргиновна
Көздіғара негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Білім беру саласының үздігі” төсбелгісімен;
🏅 Жайманова Саягул Бақтыкайровна Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ гегорафия пәнінің мұғалімі
— ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен;
🏅 Жалекенова Гүлсәуле Қайырғалиқызы Бұлан МББК ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
-Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен;
🏅 Мәдиева Гүлхан Дінжанқызы Абай МББК математика пәнінің мұғалімі
-Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
💐 Құрметті әріптестер!
Сіздерді еңбектеріңіздің еленіп, кәсіби шеберліктеріңіздің жоғары бағаланған лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Әр марапат — қажырлы еңбектің, үздіксіз ізденістің және білім саласына деген адал қызметтің жемісі. Ұстаздың жетістігі — шәкіртінің жеңісі, мектептің мерейі, ауданның абыройы! ❤️
Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, мәртебелеріңіз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің жетістігі еселеніп, жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жеңістерге толы болсын! 📚✨
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284396?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау