ХАБАРЛАНДЫРУ!
2026-2027 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтерін өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланады.
Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.
Конкурс келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
1. «Үздік әдістемені ұсынушы»;
2. «Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы»;
3. «Үздік цифрлық технологияларды қолданушы»;
4. «Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі»;
5. «Үздік жетістіктер шебері»;
6. «Орта білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім»;
7. «Үздік сынып жетекшісі»;
8. «Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогы»;
9. «Үздік қосымша білім беру мұғалімі»;
10. «Үздік арнайы білім беру ұйымдарының педагогы»;
11. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік арнайы пән оқытушысы»;
12. «Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік өндірістік оқыту шебері»
Конкурс ережесімен Білім басқармасының сайтында танысуға болады.
Құжаттарды облыстық білім басқармасында қабылдау уақыты:
2026 жылғы 1-10 қыркүйек (электронды нұсқада);
Құжаттарды жұмыс тобының қарау уақыты:
2026 жылғы 11-23 қыркүйек.
Құжаттарды облыс әкімі жанындағы комиссияның қарау уақыты:
2026 жылғы 24-25 қыркүйек
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы:
gulzat07111988@mail.ru (электронды).
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі
2026 жылғы Мұғалімдер күні мерекелік шарасында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1284584?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау