Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастыруда.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Ақтөбе облысында осындай заттарды заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
– Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінің фармацевті өзінің заңды қызмет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемдегі партияларын Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде ұйымдастырушы, оператор, ораушылар және заттарды жасырумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді.
ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1284042?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау