Капитал нарығын дамыту бағдарламасы: компаниялар мен инвесторлар үшін не өзгереді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Капитал нарығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен, нарыққа қатысушылармен және сарапшылар қоғамдастығымен бірлесіп әзірледі. Құжат жеті бағыт бойынша 35бастаманықамтиды.

Бағыттардың бірі акциялар нарығына шығу кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларды қарастырады. Листинг демеушілерінің институтын енгізу ұсынылады. Демеуші компанияның қоғамдық мәртебеге дайындығын бағалайды, дайындық бағдарламасын қалыптастырады, инвестициялық банктердің, аудиторлардың және заң консультанттарының жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ листингтен кейін эмитентпен бірге жүреді. Оның функцияларына ақпаратты ашу және инвесторлармен өзара іс-қимыл мәселелері кіреді. Бұл ретте демеуші компанияның биржа мен реттеуші алдындағы дайындық сапасына жауап береді. Мұндай ұйымдар үшін біліктілікке, ішкі бақылауға және аккредиттеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу жоспарлануда.

Жергілікті орналастыруды ынталандыру үшін IPO дайындауға және өткізуге тікелей байланысты шығыстарды салықтық шегеру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Оларға инвестициялық банктердің, аудиторлардың және заң консультанттарының қызметтеріне шығындар кіруі мүмкін. Сондай-ақ, еркін айналыстағы акциялардың белгіленген үлесін қолдайтын жария компаниялар үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін уақытша төмендету мүмкіндігі зерделенуде. Қолдау көрсету көлемі орналастыру өлшемдеріне және оның қайталама нарықтың өтімділігіне қосқан үлесіне байланысты болады деп болжанады.

 Қазақстандық инвесторлардың отандық компаниялардың бағалы қағаздарын шетелдік орналастыруға қатысу тәсілдерін де неғұрлым икемді ету жоспарлануда. Жергілікті ұсыныстың тіркелген ең төменгі үлесінің орнына эмитенттің инвесторларға KASE немесе AIX арқылы шетелдік ұсыныстармен салыстыруға болатын шарттарда орналастыруға қатысу мүмкіндігін беру міндетін бекіту ұсынылады. Жергілікті орналастырудың нақты көлемі инвесторлар арасындағы сұраныс негізінде айқындалатын болады.

Квазимемлекеттік сектор компаниялары үшін жеке тәсілді сақтау ұсынылады. IPO және SPO өткізу кезінде бастапқыда бөлшек инвесторлар үшін резервтелетін ең аз үлесі және акцияларды бөлу қағидалары алдын ала ашылған міндетті жергілікті траншкөзделетінболады.Халықтыңсұранысыартқанкездебөлшектраншмөлшеріұлғайтылуымүмкін,алұсыныстыңбөлінбегенбөлігіинвесторлардыңбасқасанаттарынажіберіледі.

Сондай-ақ, серіктестік пен жария акционерлік қоғам арасында аралық орынды алатын жария емес акционерлік қоғамның оңайлатылған нысанын енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Мұндай компания әр түрлі санаттағы акциялар шығара алады, капитал мөлшері мен корпоративтік басқаруға икемді талаптары бар қызметкерлер үшін айырбасталатын құралдар мен опциондық бағдарламаларды пайдалана алады.

Компанияның мөлшері мен акционерлер саны бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізгенге дейін директорлар кеңесін қалыптастыру талап етілмейді. Корпоративтік қатынастардың едәуір бөлігі жарғымен және акционерлік келісімдермен реттелуі мүмкін, ал акционерлер тізілімі Орталық депозитарий немесе тіркеуші арқылы электрондық нысанда жүргізілетін болады. Акцияларды жария орналастыру компания толыққанды акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейінмүмкін болады.

Тағы бір бағыт ұжымдық инвестициялар нарығын кеңейтуболады.Инвестициялыққорлартуралыжаңазаңақшанарығы қорларын,облигациялықжәнеиндекстікқорларды,салалықжәнетақырыптықстратегиялардыжәнежылжымайтын мүлік қорларындамытуғажағдайжасауға тиіс.

Сонымен бірге инвестициялық өнім туралы негізгі ақпараттың бірыңғай стандартын енгізу ұсынылады. Өнімді сатып алғанға дейін инвесторинвестициялық стратегия, тәуекелдеңгейі, тарихи кірістілік, өтімділік және комиссиялар туралы мәліметтерді қамтитын стандартты форматтағы қысқаша құжатты алады. Бұл қабылданған тәуекел мен шығыстарды ескере отырып, кірістілікті бағалауға, сондай-ақ бірыңғай көрсеткіштер негізінде әр түрлі басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық депозитарлық инфрақұрылым арқылы қазақстандық акцияларға қол жеткізуді жеңілдету жоспарлануда. Халықаралық инвесторларға таныс тетіктерді пайдалана отырып, есеп айырысуды, дивидендтер алуды, корпоративтік іс-әрекеттерге және дауыс беруге қатысуды қамтамасыз ету көзделеді. Сондай-ақ электрондық құжаттар мен электрондық апостильді қолдану, қашықтан сәйкестендіру және халықаралық депозитарий немесе жаһандық кастодиан жүргізген клиентті тексеру нәтижелерін тану мүмкіндігі көзделеді. Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ұқсас рәсімдерді жергілікті деңгейде қайта өту талап етілмейді.

Қайталама нарықтың белсенділігін арттыру үшін бағалы қағаздарды қарызға алудың орталықтандырылған тетігін құру ұсынылады. БЖЗҚ, инвестициялық қорлар мен сақтандыру ұйымдарын қоса алғанда, ұзақ мерзімді инвесторлар басқа қатысушыларға қолда бар қағаздарды уақытша беріп, қосымша кіріс ала алады. Қарыз алушылар бұл құралдарды жабық қысқа сатылымдар,тәуекелдердіхеджирлеужәнетөрелікоперацияларүшінпайдалана алады.Мұндайтетікті іс жүзіндеқолдануүшінқажеттіинфрақұрылымқұрыладыжәнебағалықағаздыберужәнеоныкейінненқайтарутәуелсіз сатып алу-сатумәмілелеріретіндеқарастырылмайтындайсалықрежиміреттеледі.

Сондай-ақ, олардың қызметінің ерекшеліктерін және нарықтық тәуекелді өз балансына қабылдауды ескеретін маркет-мейкерлерді реттеудің жеке пропорционалды режимі көзделеді. Олардың жұмысының сапасы орташа спрэдті, өтінімдердің тереңдігін, екіжақты баға белгілеулерді қолдау ұзақтығын және ұсынылатын өтімділік көлемін қоса алғанда, өлшенетін көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады. Экономикалық ынталандыру осы көрсеткіштердің нақты орындалуына, оның ішінде сауда белсенділігі шектеулі құралдарға байланысты болады.

Қазақстандық эмитенттер туралы ақпаратты кеңейту үшін орташа мөлшердегі компаниялардың демеушілік талдамалық қамту бағдарламаларын дамыту жоспарлануда. Бұл ретте талдамалық тұжырымдардың тәуелсіздігіне және мүдделер қақтығысын басқаруға қойылатын талаптар көзделетін болады. Стандартталған корпоративтік деректердіңбірыңғаймассивінекөшу оларды талдамалық материалдардыавтоматтандырылғанөңдеужәнедайындауүшінпайдалануғамүмкіндік береді.

Сонымен қатар Бағдарлама кредиттік портфельдерді айналыстағы облигацияларға айналдыруға және жаңа кредиттеу үшін ресурстарды босатуға мүмкіндік беретін секьюритилендіруді дамытуды көздейді. Бастапқы кредитор дәрменсіз болған жағдайда активтерді берудің құқықтық режимін күшейту, портфельдердің құрамына және олардың жай-күйі туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды стандарттау, сондай-ақ төлемдерге қызмет көрсетудің резервтік тетігін көздеу жоспарлануда. Бастапқы кредитор берілген портфель тәуекелінің бір бөлігін сақтайды. Салық режимі мәміле барлық кезеңдерде бейтарап болатындай етіп құрылуы керек.

Цифрлық қаржы активтері нарығы одан әрі дамиды. Есеп айырысулардың  түпкілікті болуын бекіту, платформа операторларының, банктер мен есептік инфрақұрылымның өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ жобалардың реттеуші ортадан тұрақты режимге өту шарттарын айқындау жөніндегі шаралар қаралады. Сондай-ақ біліктілігі жоқ инвесторларды қорғауға қойылатын талаптаржәнеолардыңсалымдарыныңкөлемінешектеулернақтыланатын болады.

Орнықты қаржыландыру саласында жобалардың бірыңғай ұлттық сыныптамасын қалыптастыру және KASE пен AIX қағидаларын халықаралық тұрғыдан танылған қағидаттармен үндестіру жоспарлануда. Қолданыстағы жасыл таксономия әлеуметтік жобаларды жіктеу тәсілдерімен толықтырылатын болады. Сондай-ақ, ESG-ақпаратты ашуды дамыту, оны тәуелсіз тексеру және өздерін орнықты деп санайтын инвестициялық қорларға қойылатын талаптарды белгілеу көзделеді.

Қосымша шаралар исламдық қаржы құралдарын дамытуға бағытталатын болады. Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін олардың Бюджет кодексіндегі мәртебесін және мемлекеттік мүлікті шығару құрылымында пайдалану тәртібін айқындау жоспарлануда. Бұл корпоративтік ислам құралдары үшін кірістілік бағдарын қалыптастыра алатын мемлекеттік шығарылымды өткізуге жағдай жасайды. Сондай-ақ шариғаттық басқаруменсараптамағабірыңғайталаптарбелгілеу және көп сатылышығарылымқұрылымдарыныңсалықтықбейтараптығынқамтамасыз ету ұсынылады.

Бағдарламаны іске асыру 2030 жылға дейін есептелген. Көзделген бастамалар нәтижелерді және туындайтын тәуекелдерді үнемі бағалай отырып, дәйекті түрде енгізілетін болады. Оларды іске асыру бизнес үшін қаржыландыруды тартуды жеңілдетеді, инвесторлар үшін құралдарды таңдауды кеңейтеді, қайталама нарықтың өтімділігін арттырады және капитал нарығының жаңа сегменттерін одан әрі дамытуға жағдай жасайды деп күтілуде.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1284250?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version