«Көңілді жаз!» республикалық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды.
Сырым ауданының білім беру бөлімінің бұйрығына сәйкес, жазғы сауықтыру кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар арасында консультациялық пункттердің қызметін үздік ұйымдастыру мақсатында өткізілген байқау өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған педагогтер анықталып, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын – Бейсова А.С. және Сидекова А.К., «Балдырған» балабақшасының тәрбиешілері;
https://youtu.be/sIciu8-XaxE?si=WjMlAUjB991C4g7Z
ІІ орын – Тінешова Д.Е., «Сұлу-Ай» жеке бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.
Жүлдегерлер аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Байқауда І орын иеленген «Балдырған» балабақшасы тәрбиешілерінің жұмыстары келесі кезеңде бақ сынау үшін облыстық деңгейге жолданды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284409?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау