Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында шаһар басшысы Нұржан Ахатов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, жер телімін алудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, көше атауы, жол, газ, жарық, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.
Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы қабылдауға келген азаматтарды тыңдап, барлық мәселе мамандардың жіті тексеруінен өтетінін, әрі қарай заңдылықты негізге алып шешім қабылданатындығын жеткізді.
Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады.
Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1284525?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау