Мәртөк ауданында апатты мектептің орнына жаңа білім ордасы салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Мәртөк ауданының Кеңсахара ауылындағы оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастады. 1967 жылы салынған, кейін апатты жағдайда деп танылған бұрынғы мектептің орнына 100 орындық заманауи білім беру нысаны бой көтерді.

Құрылыс жұмыстарын «Nomad» компаниясы жүргізді. Екіқабатты нысан 1 қыркүйек – Білім күні пайдалануға берілді.

Бүгінде Кеңсахара орта мектебінде 123 оқушы білім алады. Биыл 13 бала бірінші сыныпқа қабылданса, мектепалды даярлық тобында 7 тәрбиеленуші бар. Оларға 30 педагог білім мен тәрбие береді.

Жаңа мектепте оқу процесіне қажетті барлық жағдай қарастырылған. Білім ордасында 9 оқу кабинеті, информатика, физика, химия, мультимедиялық және еңбек пәндері кабинеттері бар. Кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мектепте спорт залы, кітапхана, асхана және медициналық кабинет те жұмыс істейді.

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов жаңа мектептің ашылу салтанатында ауыл мен қала мектептеріндегі білім беру жағдайларының айырмашылығын азайту және балаларға тең мүмкіндік жасау маңызды екенін атап өтті.

«Бұған дейін Кеңсахара ауылындағы балалар 1967 жылы салынған мектепте білім алып келді. Бүгінде олардың игілігіне қауіпсіз әрі заманауи білім ордасы беріліп отыр. Бұл – ауыл тұрғындары көптен күткен маңызды жоба», – деді аудан әкімі.

Жаңа мектептің пайдалануға берілуі Кеңсахара ауылындағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік беріп, оқушыларға заманауи талаптарға сай жағдайда білім алуға жол ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1284313?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version