Маңғыстау облысында полицейлер 200 келіден астам бекіре балығын тәркіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Маңғыстау облысында полицейлер 200 келіден астам бекіре балығын тәркіледі.

     28 тамыз күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ЖБО, ЖҚАЖ және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлік жүргізушісін тоқтатты.

     Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан сегіз пакетке салынған жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді.

     Автокөлікте болған екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.

     Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді. Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1284172?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version