2026 жылғы 1 қыркүйекте Жетібай – Жаңаөзен автожолында патрульдік полиция қызметкерлері Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.
Жүргізушімен әңгімелесу барысында одан алкогольге тән иіс сезілген. Осыған байланысты ол Жетібай ауылындағы медициналық мекемеге куәландырудан өту үшін жеткізілді.
Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар соттың қарауына жолданды.
⚠️ Құрметті жүргізушілер!
Мас күйде көлік басқару – өз өміріңізге ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.
Ішімдік ішсеңіз – көлік жүргізбеңіз! Жол қауіпсіздігі әрқайсымыздан басталады.
https://www.instagram.com/reel/DcvwJsftL7-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1284462?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау