Марқакөл ауданында заңсыз қоқыс орнын ұйымдастырған құқық бұзушылар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марқакөл ауданында заңсыз қоқыс орнын ұйымдастырған құқық бұзушылар анықталды

Марқакөл ауданының полиция қызметкерлері Ақжайлау ауылында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен екі адамды анықтады. Тексеруге әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба негіз болды.

Бейнекадрлардан тіркемесі бар трактордың елді мекен аумағына қоқыс түсіріп жатқаны көрінеді. Қалдықтардың Уранхайка ауылынан әкелінгені белгілі болды.

Анықталғандай, азаматтарға қалдықтарды арнайы бөлінген орынға апарып кәдеге жарату міндеттелген. Алайда олар қоқыс полигонына жетпей, қалдықты басқа жерге төгуді жөн көрген.

Тексеру нәтижелері бойынша трактор жүргізушісі екі факті бойынша — көлік құралын пайдалану талаптарын бұзғаны және ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Екінші қатысушы тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орынға тастағаны үшін жауапқа тартылды. Трактор арнайы тұраққа қойылды.

Құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама талаптары және оларды заңсыз орналастырғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Осындай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы айналасында жүзеге асырылуда. Ол басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысының аумағында 6 195 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзудың 5 057 фактісі және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 1 138 фактісі анықталды.

Бұдан басқа, 133 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 108-і жойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың атына құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 80 ұсыныс енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қоғамдық аумақтардың қалдықтарды заңсыз орналастыруға арналмағанын еске салады. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1284297?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version